02.04.2026
Бүгін 02.04.2026 ж. Бастау ауылының N 2 ЖОББМ "2 сәуір Дүниежүзілік аутизм жайлы ақпарат тарату күні " тақырыбында білім алушылар мен ұстаздарға ақпараттық айлықтың ашылуы салтанаты саптық жиыны арқылы өтті.
Мақсаты: Білім беру процесіне қатысушылардың аутизм және аутистикалық спектрдің бұзылыстары туралы ақпараттану деңгейін арттыру, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және қоғамда толерантты қарым-қатынасты дамыту.
Міндеттері: білім алушылар, педагогтер және ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
Толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру, инклюзивті мәдениетті дамыту және білім беру процесінде қатысушылардың ақпараттану денгейін арттыру; педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Әлеуметтік педагог Тойшубекова А.Т.