«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Наурыз – жыл басы»

16.03.2026

Бүгін 16.03.2026ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -сінде 4 сынып оқушыларымен  «Наурыз- жыл басы» тақырыбында сынып  сағаты өткізілді.   Мақсаты:  Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы жан-жақты ақпарат беру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу.
Оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Наурыз – халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан ең үлкен мерекелерінің бірі. Наурыз мейрамы көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіреді. Бұл мереке жыл сайын 22 наурыз күні аталып өтеді және оны «жыл басы» деп санайды.

Наурыз келгенде күн мен түн теңеледі, жер беті жылына бастайды. Адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, өкпе-реніштерін ұмытып, татуласады. Үйлерде ұлттық тағам – Наурыз көже дайындалып, қонақтар шақырылады.

Бұл күні халық ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, мерекені көңілді қарсы алады. Наурыз – бірлікке, достыққа және жақсылыққа үндейтін ерекше мейрам.

Сондықтан Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың, береке мен ырыстың бастауы болып саналатын халқымыздың ұлы мерекесі.


Сынып жетекшісі: Тайбагарова З. К.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст