«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасым – бақыт мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

30.01.2026

Бүгін 30.01.2026ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -сінде 4 сынып оқушыларымен  «Отбасым – бақыт мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға  ата-аналар, аудан мектептерінің  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және білім бөлімінің 
әдіскері Жанахметова Динара Табрисовна  қатысты. 
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат, ең жылы орта. Отбасында адам сүйіспеншілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиеленеді. Ата-ана баласына өмірдің мәнін үйретіп, дұрыс бағыт-бағдар береді.
Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы мен қолдауы – бақыттың басты негізі. Үйдегі татулық пен түсіністік баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады.
Сондықтан да отбасы – әрбір адам үшін бақыт мекені, береке бастауы, өмірдің тірегі болып саналады. Отбасын қадірлеу, ата-ананы құрметтеу – әрбір ұрпақтың басты міндеті.

 

Сынып жетекшісі: Тайбагарова З. К.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст