30.01.2026
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 6-сынып оқушыларымен «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағаты оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан мектептерінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен білім бөлімінің әдіскері Жанахметова Динара Табрисовна қатысып, сынып сағатының мазмұны мен тәрбиелік бағытына жоғары баға берді. Қонақтар өткізілген сабақтың оқушылар үшін маңыздылығын атап өтіп, мұндай тәрбиелік іс-шаралардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін ерекше атап өтті.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік, ізеттілік, мейірімділік, сыйластық сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру, үлкенді құрметтеу мен кішіге қамқор болудың маңызын түсіндіру болды. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өмірден алынған мысалдар арқылы тақырыпты терең талқылады.
Тәрбиелік тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және пікір алмасу арқылы оқушылар адам бойындағы жақсы қасиеттердің күнделікті өмірдегі маңызын түсініп, бір-біріне деген сыйластықты арттыра түсті. Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың қызығушылығын оятты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор болды. Өткізілген сынып сағаты оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына оң ықпал етіп, алдағы уақытта да осындай тағылымды іс-шараларды жалғастырудың маңыздылығын көрсетті.
Ағылшын тілі мұғалімі: Ерболат Т.