Текст
" />
05.01.2026
Қыс мезгілі келгенде айнала аппақ қарға оранады. Балалар жылы киініп, далаға ойнауға шығады. Бірі шанамен сырғанап, бірі шаңғы теуіп жүр. Кейбір балалар қардан аққала жасап, оған сәбізден мұрын, шелектен бас киім қояды.
Аспанда қар ұлпалары баяу жауып, табиғат ерекше әдемі көрінеді. Ағаштар ақ тон киіп тұрғандай болады. Осындай көріністерді қағаз бетіне түсіру өте қызық. Бүгін 5.01.2026ж. 4 сынып оқушыларымен қысқы демалыстағы ұйымдастырылған іс-шара жоспарына сәйкес “Қыс қызығы” тақырыбында іс-шара өткізілді. Балалар сурет салып, қыстың қуанышын бейнеледі.
Қыс қызығы – шаттық пен шығармашылыққа толы мезгіл.
Сынып жетекшісі Тайбагарова З.К.