«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің, Жаңа жыл!"

25.12.2025

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

 

Жаңа жыл – барша адамзат үшін ерекше мереке. Бұл күнде барша жан ескі жылды құрметпен шығарып салып, жаңа жылды үмітпен, қуанышпен қарсы алады.

Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім бертін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының және шағын орталығының «Қош келдің, Жаңа жыл!»атты ертіңгілігі өткізілді.

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Бүлдіршіндер шыршаны айналып, әндетіп, қызық ойындарды ойнады. Ертегілердің кейіпкерлері Қасқыр, Қоян, Сауысқан, Мыстан кемпір, Аяз ата мен Ақшақар балаларға жақсы көңіл – күйді сыйлады. Бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды.  Іс-шараның соңында барлық бүлдіршіндер Аяз атадан мен Ақшақардан тәтті базарлықтарды алды. Іс – шара қөңілді және қызық өтті.

Жаңа жыл – әр адамның жүрегінде жаңа армандар мен жарқын үміттерді оятатын мереке. Жаңа жыл әр отбасыға бақыт, денсаулық және молшылық әкелсін. Әр күніміз қуаныш пен сәттілікке толы болсын!

 

Тәрбиешілер: Дауылбаева Р.Р., Бақыт Ж., Тойшубекова А.Т.

 

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст