Текст
15.12.2025
11 желтоқсан күні Бастау ауылының №2 ЖОББМ-де тарих пәнінен өткізген ашық сабағымның аясында аудандық семинар қонақтарын қарсы алдық. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өздерінің білімін, белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін айқын көрсетті. Түрлі тиімді ЖИ әдістері қолданылып, оқу үдерісі қызықты әрі нәтижелі болды.
Қонақтар тарапынан сабақтың ұйымдастырылуына, мазмұнына және оқушылардың қатысуына оң бағалар айтылды.
Бұл тәжірибе мен үшін де,оқушылар үшін де жаңа серпін мен шабыт берген маңызды шара болды.
Тарих пәнінің мұғалімі: Хурамхаз Ж.