Текст
10.11.2025
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 6-сынып оқушыларына «Зиянды әрекеттерден аулақ бол!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және темекі мен насыбайдың адам ағзасына зиянын түсіндіру.
Шара барысында мұғалім темекі түтіні мен насыбайдың тыныс алу жүйесіне, жүрек пен асқазанға тигізетін зияны туралы әңгімеледі. Оқушылар бейнеролик көріп, пікір бөлісті және «Денсаулығым — өз қолымда» тақырыбында ойларын айтты.
Тренинг соңында балалар зиянды әдеттерден аулақ болуға және өз денсаулығын қорғауға шақырылды.
Ағылшын тілі мұғалімі: Ерболат Т