24.10.2025
13-24 қазан айы аралығында мектебімізде «Білімге бастау – бастауыштан!» бастауыш сынып бірлестігінің апталығы жоғары деңгейде өткізілді. Апталық барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын түрлі танымдық шаралар, ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Апталықтың жабылу салтанатында белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптарға марапаттар табысталды. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқыды.
Бұл шаралар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамытуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және ұжымдық рухты қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Апталық «Білімге бастау – бастауыштан!» ұранымен қорытындыланып, келесі жылы да дәстүрлі түрде жалғасын табатыны айтылды. Эстафета бастауыш сынып бірлестігінен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығына тапсырылды.
ӘБ жетекшісі Тайбагарова З.К.