Текст
Мектепке дейінгі мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық жоспары аясында даярлық сыныбының бүлдіршіндері мектеп кітапханасына экскурсияға барды.
Мақсаты: балаларды кітапхана мен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету және мектеп өміріне бейімдеу.
Кітапханашы балаларға кітапхананың не үшін қажет екенін, кітаптарды қалай табуға болатынын, кітапты қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндірді. Балалар түрлі ертегі, өлең және суретті кітаптарды қызыға тамашалады, сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Соңында балаларға естелікке суретке түсті. Экскурсия балалардың көңілінен шығып, оларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Даярлық сыныбының тәрбиешісі Тойшубекова А.Т