«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастау ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Тілдер апталығының жабылуы өтті.

18.09.2025

2025–2026 оқу жылының 5–18 қыркүйек аралығында Бастау ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде дәстүрлі Тілдер апталығы өтті. Екі апта бойы оқушылар түрлі танымдық, шығармашылық және мерекелік іс-шараларға қатысып, ана тілін қастерлеуге, көптілді тұлға болуға және отансүйгіштікке тәрбиеленді.

Апталықтың ашылуы «Тіл – адамның адамдық белгісінің зор» атты мерекелік іс-шарамен басталды. Бұл күні 1–11 сынып оқушылары тіл пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ән айтып, өлең оқып, құттықтауларын білдірді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін «Бір ел – бір тағдыр» сурет салу байқауы ерекше әсер қалдырды. 2–4 сынып оқушылары өз туындылары арқылы достықты, бірлікті және тілдің халықты біріктіруші күш екенін бейнеледі.

5–11 сынып оқушылары ағылшын тілінде мәнерлеп оқудан «Language is the soul of a nation» байқауына қатысып, өздерінің тілге деген қызығушылығын және өнерін көрсетті.

«Тіл және мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел мектеп кітапханасында ұйымдастырылып, тілдің мәдениетті сақтаудағы орны талқыланды.

«Тіл – ұлт қазынасы» атты сынып сағаттары барысында 1–11 сынып оқушылары ана тілінің байлығы жайлы ой бөлісті. Ал 9–11 сыныптар арасында өткен «Тіл – ұлттың жаны» атты мәнерлеп оқу байқауы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдады.

7–8 сыныптар арасында орыс тілі пәнінің мұғалімі ұйымдастырған «Королевство языков» викторинасы қызықты әрі танымды өтті. Балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, жаңа мәліметтер алды.

8–10 сынып оқушылары «Тіл – достықтың кілті» атты эссе жазу байқауына қатысып, өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Олардың шығармалары тілдің – халықтар достығы мен өзара түсіністіктің басты құралы екенін айқындады.

Апталықтың қорытындысы 18 қыркүйек күні шығарылып, ең белсенді қатысушылар марапатталды.

Қорытындылай келе, Тілдер апталығы мектеп ұжымы үшін үлкен мереке болды. Оқушылар өз өнерін көрсетіп қана қоймай, тілдің – халықтың қазынасы әрі достық пен бірліктің кепілі екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Автор: Габбасова Баян Салмухановна

Просмотров: 30


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст