Текст
2025 ж 10 қыркүйекте Бастау №2 жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні бойынша "My Mother Tongue" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, олардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және тілдік қабілеттерін дамыту.
Байқауға 5–11-сынып оқушылары белсенді қатысып, ағылшын жазушыларының шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқыды. Қатысушылар шығарманың мазмұнын терең түсініп, дауыс ырғағы мен эмоцияны шебер жеткізе білді.Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың оң бағасын алды.
Ағылшын тіл мұғалімі: Ерболат Т