"Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында ашық сабақ
Бүгін 21.04.2025ж. Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас маман» апталығы аясында, жоспарға сай 3 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен "Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтау. Сабақ барысында балалардың алдына мақсат қойып, қызығушылығын оятуға арналған тапсырмалар, көрнекіліктер, wordwall , PowerPoint платформасындағы ойындар, қызықты видеобейне дайындалып, орындалды. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, білімдерін толықтыра білді. Жасанды интеллект арқылы, тыңдалым мәтіні «Бұқар жырау» нақыл сөзі көрсетілді. Балалар саббаққа белсенді қатысып, куәлік әдісі арқылы бағаланды.
Бастауыш сынып мұғалімі Тайбагарова З.К.