Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 7наурыз күні сағат 12:00-де жоғары сынып қыздары сайысқа қатысты. «Көктем арулары» атты сайыс өтті. Сайыста l топ «Ақкербез», ll топ «Қыздарай» тобы болып сайысты. Сайыс жеті кезеңнен тұрды. Атап айтсақ
1. Өз топтарын таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Ине сабақтап, түйме қадау
4. Өз өнерлерін көрсету
5. Мәнерлеп оқу (Ана, әже, қыз) тақырыбында
6. Жаңа стильдегі орамал байлау
7. Шебер асхана 1 минутта картоп аршу
Сайыс басталмас бұрын мектеп директорының м. а. Харахыз Б 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Сайыскерлерге сәттілік тіледі. Кішкентай 1сынып оқушысы Анапия Алуа «Қамажай» биін биледі.
Әділқазылар әділ бағаларын беріп отырды. Олар
1.Педагог- психолог-Мусайф Ж
2.Шаруашылық меңгерушісі-Багилова Ботагоз
3. Ата-аналар төрайымы-Долда Әсемгүл
Сайыс өте жоғары дәрежеде өтті. Қатысқан қыздарымыз өнерлерін көрсетіп, шеберлікпен, тапқырлықпен, инабаттылықпен көзге түсті. Әрбір қатысушыларымыз мадақтамамен марапатталып сыйлықтар алды. Сайыс арасында 4,5,6,7 сынып оқушылары өлең айтып, би-билеп, пародия көрсетті.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Бақытгүл