Бастау ауылының № 2 ЖОББМ бастауыш сынып оқушыларының арасында Бауыржан Момышұлы айтқан " Патриотизм - ата-анаңды құрметтей білуің.." аптаның дәйексөзіне сәйкес "Ару қыздар мен аяулы аналар" тақырыбы бойынша сайыс жүргізілді.Әр сыныптан ана мен қыз қатысып, бес жұп ортаға шықты. Сайыс кезеңдері бес тапсырмадан құрастырылды: "Мен қазақ қызымын..." таныстыру; анасы мен қызының қолөнер шеберлігі; сән сайысы "Шашбаулым"; қыздардың ән-би шашуы; жасырынған мақал-мәтелдерді тауып, айту. Кезең араларында көрермен оқушылар аналарына арнап тақпақ айтып, ән шырқап, би өнерлерін көрсете білді.Қазылар алқасы адалдықпен бағалап "Ару қыз бен аяулы ана" номинациясын 3 сынып оқушысы Хапай Айару мен әжесі Хапай Баршагул , " Көрікті ару мен инабатты ана " номинациясы бойынша 2 сынып оқушысы Октябрь Мөлдір мен анасы Бақыт Алтынай, келесі Әзимхан Бақытгүл мен қызы- 4 сынып оқушысы Наурызбай Рамина "Өнерлі қыз және шебер ана", 1 сынып оқушысы Алуа Салимжан мен анасы Мусайф Жанар "Сымбатты ару мен мейірімді ана", ал ең кішкентай қатысушы даярлық тобының оқушысы Әлібиқызы Аяулым мен анасы Бақыт Жанерке " Инабатты ару мен өнерлі ана" номинациялар бойынша мадақтама қағаз бен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мектеп директорының м.а Харахыз Б, оқу-іс меңгерушісі Бекей А., ата-аналар комитетінің төрайымы Долда Ә., мектеп кітапханашысы Капышева А. ризашылығын білдіріп, аналар мен қыздарды құттықтап шықты. Көңілді балалар аналары мен ұстаздарымен суретке түсті.