«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балдәурен оқу - сауықтыру орталығы» пікірім

07.04.2021

Бастау ауылының  №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  8-сынып оқушысы Көкенай Ақеркемін. «Балдәурен оқу - сауықтыру  орталығында»  20 күнге оқып демалып келдім. Ақмола  облысының ауыл, аудан, қалаларынан оқушылары келіп, 15 отряд құрылып білім алып, демалдық.  Балдәурен оқу- сауықтыру орталығына барып, білім алып келгеніме өте ризамын. Себебі онда барлық пәндер бойынша тереңдетіп білім алумен қатар  үйірмелер, көптеген сабақтан тыс уақыттарда іс-шаралар өткізіліп,төрт уақыт тамақтандық. Барлық балалар өз талантын көрсете білді. Атап айтар болсақ , сабақтан кейін бос уақыттарымызды әр түрлі үйірмелерге қатысып отырдық. Мен өзім «Макарон»  және  «Оригами» үйірмесіне қатысып,  әртүрлі заттар  жасадым. Бурабайдың табиғат аясында «Жұмбақтас»,  «Абылай хан алаңына» серуендік.  Аптасында бір-екі рет бассейнге  шомылдық. Сонымен қатар  арнайы көңілді  кеш,  «Спорттық жарыстар»  эстафеталық олимпиадалық жарыс ұйымдастырылды. «Театрлық фарс», «Ә.Бөкейхановқа» арналған кештік өте  жоғары  деңгейде өтілді. Бұл сайыстарда командалық топтармен тобымызбен жоғары жетістікке жеттік. Негізгі  пәндер бойынша ұстаздар тереңдетіп білім нәрімен  сусындатты, өз білімімді шыңдай түстім. Жалпы бұл  Республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұстаздарына, тәрбиешілеріне,тәлімгерлеріне ауылдан барған оқушыларымыздың жан-жақты білімдерін шыңдап, әр түрлі қызықты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырғаны үшін  облыстық  білім  басқармасы басшысы  Жунусов Б.А, аудандық  білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. үлкен  алғысымды  білдіремін.

 

                                         8-сынып оқушысы  Көкенай  Ақерке

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст