Бүгін 31.10.2024ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де 3 сынып оқушыларымен «Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. «Кибербуллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
Кибербуллинг дегеніміз – біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформалары мен ұялы телефондарда орын ала алады. Бұл – қудалау нысанына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралауды көздейтін мақсатты мінез-құлық үлгісі.
Қорқыту балаларға зиянды ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін.Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалар эмоционалды және психикалық оның ішінде депрессия мен мазасыздықты сезінуі мүмкін, бұл мектептегі үлгерімді төмендетуі мүмкін.Қазір балалар мен жасөспірімдер интернетте көп уақыт өткізеді.
Балалар кибербуллинг дегеніміз не екені туралы түсінік алып, сурет салды және видеосабақ көрді.
Бастауыш сынып мұғалімі Тайбагарова З.К.