«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сұлу қыз, сырлы жеңге" атты мерекелік іс-шара

09.03.2023

7 наурыз күні Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде  "Сұлу қыз, сырлы жеңге" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мұндағы мақсат: Қазақ қыздарына инабаттылық, имандылық , әдептілік, арлыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас оның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.  Іс-шараға қатысқан 8-10 сынып оқушылары Е Фарида, Н Мақпал, Н Аружан, С Гүлназ және жеңгелері  Қ Торғын, Зухра К, Зекен Ш, Айгул Т атты 4-жұп қатысты. Жұптар "Шашбаулым", "Үкілім", "Сымбаттым", "Арайлым" болды. Іс-шара 6 кезеңнен тұрды.
1. Таныстыру (Жеңге қайынсіңілі бір -бірін таныстырады)
2. "Сырымыз бір жеңгелер" 
(Сұрақ-жауап)
3. Халқын сүйген салтын сүйген (тәрбиелік мәні бар көрініс)
4. Жеңгесі бар қандай-ды (салт дәстүрге байланысты берілген тапсырмалар)
5. Өз өнерін көрсету (Ән, би)
6. Сұлулық сыры (шаш өру немесе мода)
Әділ баға беретін әділқазылар болды. Олар 
1. бастауыш сынып мұғалімі Коспаева Ә.Ж
2. Іс жүргізуші Тайбагарова З.К
3. Ата-ана комитеті Долда Ә болды. Іс-шара жақсы өтті. Барлық қатысушылар өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Жеңімпаздар I орынға ие болған жұптар "Арайлым" мен "Үкілім" II орынға ие болған "Сымбаттым" жұбы, "Шашбаулы" жұбы ГРАН- ПРИ МАДАҚТАМАМЕН марапатталды.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі  Азимхан Б.

  • A3D57247-4AAF-40E3-8249-8C442E3385F1.JPG
  • D98FE863-E3F0-491C-9250-75D3B8C6238C.JPG
  • 445AFF97-9AA6-471A-A8D1-44862BEE3AE5.JPG
  • 7A5FEA56-8BB2-4DC5-8718-7A8C763559DD.JPG
  • 917C44FB-3794-4621-B696-905B4B0FDCFA.JPG
  • 71FB6392-6F8E-4904-8D73-2AB74A6BC3BF.JPG
  • 478E0A1A-A948-4393-89B2-25341FE43EE2.JPG
  • 3CE07728-3D66-4D31-908A-C11CA1640C60.JPG
  • 3C25A337-0FBB-49D6-B76C-3C2BA603184C.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.03.2023 15:28
Құрылған күні: 09.03.2023 16:24

Текст