Бастау ауылының №2 ЖОББМ-де «Бақытты ана- бақытты бала –бақытты отбасы-бақытты ел» таырыбында тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б тәлімгер Байболат М сайыс өткізді. Ондағы мақсат: ата-аналар мен балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және біріккен шығармашылық жұмысын қалыптастыру жас ұрпақты өнерге баулу ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, сөйлеу мәнерінің тәрбиесін жетілдіре түсу және тапқырлық өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту. Сайыс өте қызықты өтті. Онда «Жалындар», «Бірліктер», «Жүйріктер» болып үш топтан тұрды. Отбасылар өте белсенді болды. Жалпы мектебімізде отбасы клубы жұмыс жасайды. Онда ата-аналармен тікелей жұмыстар жасап яғни мектептің ішіндегі іс-шараларға қатысып отырады.