«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Болашақ мұғалім"

30.11.2022

Бүгінгі заман талабына сай болашақ мұғалім жан-жақты дамыған тұлға болу керек. Егер, бала кезінен армандап , мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге талап етсе, арманы да орындалар. Мектеп бітіріп, өз ұстаздарынан алған білімін қолдап, Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін  мектебінің түлегі, бүгінгі «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенті  Тилеген Мөлдір,  туған мектебінің қабырғасында  практикадан өтіп жүр. 4 сынып жетекшісі Ербалина С.Н. өз тәжірибесімен бөлісіп, жас болашақ мұғалімді оқудағы жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалануға үйретіп, көмек көрсетуде. Мөлдір алғашқы нық қадамдарын басып, Әдебиеттік оқу пәнінен «Ескі қорғандардың сыры» тақырыбымен  сабақ дайындады. Оқушыларды сабақ басынан қызықтыра білді.  Шаттық шеңбер, сөзжұмбақтар шешу, ескі қалаларға саяхат жасау, археологтарға айналу, ескі заттардың мағынасын зерттеу деген кезеңдер болды.Балалар мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру,нәтижесінде жоғары ұпайлармен бағаланып шықты. Болашақ ұстаз жолында Мөлдірге таңдаған жолы ашық болсын, шығармашылығы мен мәртебесі өссін деп тілейміз.

Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н.

  • PHOTO-2022-11-30-15-20-04.jpg
  • PHOTO-2022-11-30-15-20-24.jpg
  • PHOTO-2022-11-30-15-21-07 (1).jpg
  • 9dc01222-beb4-4c93-a05c-848576bdfe9e.jpg
  • PHOTO-2022-11-30-15-20-06.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.11.2022 17:45
Құрылған күні: 30.11.2022 17:51

Текст