«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың дәстүрлі әндері

02.02.2018

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың дәстүрлі әндері

Мұғалімнің аты-жөні:Кенжебаева З К

Күні:    6.12

СЫНЫП:  7

 

  Қатысқан оқушылар  саны: 

 

Қатыспаған оқушылар

саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді  жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.  

7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.    

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

  Қазақтың дәстүрлі әндері

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қазақ музыкасы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

1.Топтарға бөлу. «Сурет»  арқылы топтарға бөлінеді.

 

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек.  Олар парақтың ортасындағы шеңберге  өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге  өздерінің өмірінде маңызы бар  бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

 

1-топ:

Домбыра

2-топ: Қобыз

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

3.Ү/Т қайталау сұрақтары:

Қазіргі қазақ музыкасының дамуына көңілдерің толама?

Музыкада қай ағымды  ұнатасыңдар?

Қазақ әншілерінен /дәстүрлі, эстрада, опера/кімдерді ерекше атай аласыңдар?

4. Суреттер арқылы жаңа тақырыпты жобалау

Қазақтың әні мен күйі- халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан

асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы. Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл қазақ әншілік өнердің сан ғасырлық даму тарихының бар екендігін бірден бір айғағы. Киелі қара домбыр мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен,

кең диапазон, күрделі ырғақ- иірімдерімен ерекшеленеді. Талай ғасыр

сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдылық өзгешіліктері мен кең тараған мекеніне байланысты шартты түрде бірнеше мектеп қалыптасты. Олар - Арқа әншілік дәстүрі, Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, Сыр өңірінің жыраулық дәстүрі болып мектептерге бөлінеді. Ән – ұлт тарихының шежіресі.

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

5.Оқулықта берілген жаттығуларды орындау

Қазақтың дәстүрлі әндері. 

6. Топтарға тапсырма:

Қазақтың киелі домбырасы.

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр

шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй

тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек). Домбыра дыбыс

өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады. Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен

тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша Қашағанов, Махамбет Бөкейхановтар, Төлеген Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қаршыға Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Бекболат Тілеуханов, Айгүл Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.

Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит,

Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

7.Біздің анықтама атты кестені толтыру       

8. Қазақтың ұлттық аспаптары  /ПОСТЕР/

10.Тест жұмысы

11. Венн Диаграмасы  Дәстүрлі 

әндер және  қазіргі әндер

Оқулық, «Әлемді

шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

«Интервью» әдісі

 

 

 

Сергіту сәті

2 минут

.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Қорытынды ретінде

кластер толтырайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы 

Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

 

«Рефлексиялық шеңбер»

 Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі

сұрақтарға жауап береді.

     Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

     Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

     Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

     Сабақта қандай қиындықтар туындады?

     Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

Рефлексиялық шеңбер

 

Просмотров: 975


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст