«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аудан мақтаныштары».

20.02.2017

«Кешегісіз бүгіні жоқ, бүгінісіз ертеңі болмайтыны да белгілі, еліміздің ертеңі жастар қолында»- деп елбасымызда өз сөздерін жолдайды. «Мен жастарға сенемін» деген М. Жұмабаев  сөздерінің астарынан да ел болашағы жастар деп білеміз. Осы сөздер аясында айтарымыз ,ҚҚ «Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика ғылым Академиясының» ұйымдастырылуымен 2017 жылдың  ақпан айының 6-8 жұлдыздарында  Алматы қаласында өткен «Біздің өткеніміз,бүгінгіміз,болашағымыз» тақырыбында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

аясында ұйымдастырылған ХХХVII ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына бізде ат салыса білдік. Осы Республикалық конкурста ауданымыздан Ново-Александровка №1 және №2 орта мектептерінен 5 оқушы өз ғылыми- зерттеу жұмыстарын қорғап, ауданымыздың, мектептеріміздің атын Республикаға танытып, жүлделі оралды. Атап айтсақ Ново-Александровка №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гомер Верониканың жобасы  ең үздік 20 жұмыс қатарына кіріп наурыз айында өтетін Польшаның Варшава қаласына байқауға жолдама алды. Ново-Александровка №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы химия пәнінен дайындаған ғылыми –зерттеу жұмысын үздік қорғап 1 дәрежелі диплом мен кубок иеленді және де осы мектептің 9 сынып оқушысы Алтынбек Айдын қазақ әдебиеті пәнінен дайындаған өз жұмысын

ұсынып 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ең жас қатысушымыз Ново-Александровка №1 орта  мектебінің 5 сынып оқушысы Маданов Қанатта 3 дәрежелі диплом, қола медаль иеленді.Сонымен қатар 8 сынып оқушысы Пасечник Софья «Ең үздік жоба-2017 жеңімпазы» номинациясындағы дипломмен марапатталды. Осы оқушылар жетістігі әрине ұстаздарының да жетістігі деп айтуға болады. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей осы оқушыларға өз білімдерінің негізін қалаған ұстаздарды да ерекше атап өтуге болады. Олар: Гомер Вероникаға жетекшілік жасаған Ново- Александровка №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Беркимбаева Г.С, және Пасечник Софья жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Реброва Л.В, Маданов Қанатқа жетекшілік жасаған  бастауыш сынып мұғалімі Пшенова Л.А. Ново- Александровка №2 орта мектебінен Зайнулов Газизбекке жетекшілік

жасаған химия пәні мұғалімі Нажикенова Ж.Б, Алтынбек Айдынның жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамбар Сайрагул. Барлық жоғарыда аты аталған жетекшілік еткен ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, мектеп директорлары Бексейтов К.Х және Бегежанова Б.Ж осы оқушылармен жетекшілеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс хат жіберілді. Еліміздің ертеңі жастар екеніне сене келе , осы өз білімдерімен ерекшеленген жастарымызға асулардан асып, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болып, өз мемелекетіміздің дамуына өз үлестерін қоса берсін деп тілегіміз келеді.

 

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст