«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алақай, жаз келді!»

20.06.2017

Көзді ашып-жұмғанша оқу жылы да бітті. Жазғы демалыс баршамыздың асыға, ерекше күтетін мезгіліміздің бірі. Ал, балалар үшін ерекше қуаныш. Жаз кезінде балалардың демалысын тиімді өткізу және лагерлерге қамту  жыл сайын  дәстүрге  айналған  шара. Жазғы  лагерь – бұл кішкентай өмір, балалардың жақсы тынығып, денсаулықтарының нығайып,  нағыз ой мен бойының өсіп,  кемеледенетін  шағы. Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің  бірі  болып саналады.  Жазғы демалыс  балалардың жылдық  бос  уақытының  айтарлықтай бөлігін  алады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалардың толық демалуларына, шығармашылық белсенділігін арттыруға, олардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.  Жалпы әр мектеп  өзінде жазғы тынығу лагерьлері жұмыс жасайды. Сондықтан, жадырап жаз шығысымен әрбір ата-ананы баласының қайда және қалай демалатыны толғандырады. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылса, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерьлеріне баруға таңдау жасайды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», – демекші, мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктері жазғы демалыс лагерінен бастау алады.  Бүгін біздің бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Біріншіден, төл мерекелері болса, екіншіден,  Ново –Александровка №2 орта мектебіндегі мектеп  жанындағы  «Айгөлек»  алаңқайының   ашылуы. Құрметті балалар, сендер осындай құрметке лайықсыңдар. Еліміздің болашағы сендер болғандықтан, жақсы оқып, жазда жақсы демалуға жағдай жасау – біздің міндетіміз» – деп, мектеп директоры  Бегежанова Б.Ж  құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жазғы демалысты көңілді өткізуін тіледі. Салтанатты жиын  мерекелік  ұласты. Наурызбай  Іңкәр  қос ішекті  домбырадан  күмбірлете күй  төкті. 4 сынып  және 2 сынып оқушылары  мың  бұрала  билесе,  1 сынып пен 3 сынып  оқушыларының «Жаз  келді»  әні  бүлдіршіндердің  көңілін  көтерді. Аға тәлімгер  балалармен  қызықты ойындар  ойнады.  Мереке соңында  оқушылар  естелік  суретке  түсті.

Просмотров: 900


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст