«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың дәстүрлі әндері

02.02.2018

2017 жылдың  6 желтоқсан күні  Бастау ауылының № 2 орта мектебінде 7 сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен «Қазақтың дәстүрлі әндері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді.  Оқушылар сабақта кластер құрастырды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, тест тапсырмаларын орындады.  Сонымен қатар  «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты тақырыпта эссе жазды. Оқушылар 2 топқа бөлініп, «Қазақтың киелі домбырасы» тақырыбында постер құрастырды. Көнерген әндер мен қазіргі дәстүрлі әндерді салыстыру мақсатында оқушылар Венн диаграммасын жасады. Сабаққа ауданның тіл мамандары және мектеп әкімшілігі, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ашимова Б.Т қатысты. 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткен ашық сабақ әдістемелік талапқа сай құрылып, тақырып ашылды. Оқушыларға сабақ ұнады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тақырыптарға белсенді жауап берді. Сабақтың соңында Ашимова Б.Т. мұғалімге рахмет айтып, келешекте шығармашылық табыстар тіледі. 

Просмотров: 591


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст