«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аудандық семинар»

15.12.2019

12 желтоқсан күні Бастау ауылы №2 орта мектебінде  аудандық семинар өтті. Ашық сабақты даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова Айгуль Тураровна өткізді. Сабақтың тақырыбы «Магнит  және оның қасиеттері». Сабақтың мақсаты: магнит  және оның қасиеті туралы ұғыммен танысу. Практикалық тәжірибе барысында жалпы шолу, қорытынды жасау және білімді меңгере алу қабілетін қалыптастыру. Бір-біріне өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақ шаттық шеңберден басталды, сосын балалар балапаннан хат алып, мультфильмнің үзіндісін  қарады. Сабақтың барысында магнит арқылы бірнеше тәжірибе өткізілді. Әрбір тәжірибеден кейін қорытынды жасады. Балалар тәжірибені қызығушылықпен өткізді, сабаққа белсене қатысты. Сабақтың сонында балаларға сыйлық ретінде магнит берілді.   Сабақ өте  қызық және қөңілді өтті.  Семинар қатысушыларына сабақ ұнады және талдау кезінде жақсы тілектер айтылды, шығармашылық  табыс  және  шәкірттер биік шыңдардан көрініп, еңбектеріміз  ақтала берсін!

 

                                  Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст