«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ағылшын тілі» лингвистикалық мектебі

03.07.2019

03.06.-28.06. аралығында №2 Бастау орта мектебінде «Ағылшын тілі» атты лингвистикалық мектебі жұмыс істеді. Лингвистикалық мектебінің мақсаты мен міндеттері: оқушылардың  ағылшын  тіліне  деген  қызығушылықтарын көтеру; ағылшын тілінен алған білімдерін тереңдету, теорияны  практикада пайдалана алу дағдыларын дамыту; шығармашылық  қабілеттерінің  ашылуына  көмек  беру; жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға  жағдай жасау. Демалыс кезінде мектептен алған білімдерін ұмытып қалмауға жәрдем жасау; әрбір баланың шығармашылық, қызығушылық, белсенділігін дамыту; мұражай және т.б. демалыс орындарына саяхат жасау арқылы, Отанға, табиғатқа, рухани –адамгершілік құндылықтарды игере білуге жағдай жасау. «Ағылшын тілі» лингвистикалық мектебіне 15 оқушы қатысты. Салимжанов Бектас, Салимжанова Аида, Салимжанова Азима, Наурызбай Іңкәр, Наурызбай Аружан, Наурызбай Айым, Елеусіз Фарида, Елубаева Несібелді, Хапай Жазира, Жарденбек Серікжан, Имаш Сабит, Имаш Досымжан, Имашева Күнім, Сарсенгалиев Дастан, Дюсебаев Нурсултан. «Ағылшын тілі» лингвистикалық мектебінің жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыс жүргізілді. Hello. Greeting, My family, My friend, School things, Our classroom, Colours, Shapes, Toys, My pet, Farm and wild animals, My clothes, Kazakh clothes, Numbers, What is it?, Body parts, Fruit, I can, Prepositions, Food. I like/ I don’t like, Revision тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді. Ағылшын тілінде әр түрлі тақырыптарға диалогтар құрастырылды, мәтіндер оқыдық, ойындар жүргізілді, ағылшын тілінде сұрақ қойып, оған жауап беруге үйренді, жаттығулар жасап, ағылшын тілінде ән айтып, би биледік. Барлық балалар белсене қатысып, ағылшын тілінен білімдерін тереңдете білді.

 

 

Жетекшісі: ағылшын тілі мұғалімі Мустафина Д.С.

 

 

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст